Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Атыс салдарынан 350-400 метрдей жердегі машинада болған полицей ажал құшты, деп жазды Агаронян Facebookтің әлеуметтік желісінде. Ол мерт болған адамның есімін айтты. Бұл - 1986 жылы туған Юра Тепаносян.
Тепаносян - осы патрульдік-күзет қызметі полкінің ғимаратын басып алғаннан бергі ажал құшқан екінші полиция қызметкері. Алғашқысы - полковник Артур Ваноян. Ол осы ғимаратқа шабуыл кезінде қаза тапқан еді.