Еревандағы қарулы топ кепілге алған барлық адамдарды босатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ереванның Эребуни ауданындағы полиция бөлімшесін басып алған қарулы топ кепілге алған адамдардың барлығын босатты. Бұған Ұлттық қауіпсіздік қызметінің басшысымен келіссөз барысында қол жеткізілді, деп жазады РБК.

PanArmenian басылымы хабарлағандай, 23 шілде күні күндіз экстремистер алдымен кепілге ұстап отырған екі жас полиция қызметкерін, содан кейін екі жоғары шенді шенеунікті, оның ішінде Армения полициясы басшысының орынбасары генерал-майор Вардан Егиазарянды босатты.

«Сасна црер» ұйымының басшысы Варужан Аветисян кепілге алғандарды босату үшін басып алған полиция бөлімшесінде БАҚ-пен үздіксіз байланыс жасап отыратын пункт болуды талап етті. Сонымен бірге полиция мен Ұлттық қауіпсіздік қызметінінен ғимаратқа журналистерді кедергісіз кіргізу туралы да талап қойған.

Айта кетейік, Еревандағы патрульдік қызметті қарулы топ 17 шілде күні басып алған болатын. Оқиға салдарынан  1 полиция қызметкері көз жұмды. Алдымен қарулы топ заңсыз қару сақтағаны үшін Таулы Қарабахта түрмеде отырған Жирайр Сефилянды босатуды сұраған болатын. Кейінірек олар Армения президенті Серж Саргсяннің орнына босатқанын қалайтыны белгілі болды.