Қарулы топ кепілге алған жеті адамның үшеуін босатқан. Бір еске сала кететін жайт, 17 шілдеде таңертең кем дегенде 25-30 болатын бір топ қарулы адам Ереванның оң¬түстігіндегі Эребуни ауданында полиция учаскесін басып алды. Қарулы топ оппозициялық «Құрылтай парламенті» қозғалысының жетекшісі Жирайр Сефилянді қамаудан босатуды, Армения президенті Серж Саргсяннің отставкаға кетуін талап етеді.
Сефилян өткен айда қарулы көтеріліс жасауды жоспарлады деген айыппен қамауға алынған.Кейбір ақпар бойынша, қарулы топ пен кепілде отырған бір-неше полиция қызметкеріне тамақ пен қажетті дәрі-дәрмек жеткізілген. Бұған дейін Армения полициясы бас¬тығының бірінші орынбасары генерал Унан Погосян ке¬пілге алынғандар арасында полицияның жоғары шенді екі шенеунігі барын мәлімдеген. Олар бірнеше талап қойып отыр. Ең бастысы, олар өздерінің басшылары, Қарабақ соғы¬сының ардагері, «Жаңа Армения» радикалды оп-позициялық ұйымының басшысы, 49 жастағы Жирайр Сефилянның босатылғанын қалайды. Бірақ жағдай қалай шешіледі. Әзірге белгісіз. Билік олардың талаптарын қанағаттандыра қоюы екіталай сияқты. Жергілікті сая¬сат¬танушы Александр Искандарян: «Талаптары орындалмайды.
Олар өмірден тым алшақ талаптар қойып жатыр. Біріншіден, олар үкіметтің, президенттің отставкасы мен кезекті сайлау тағайындаудан бастап, Сефилян мырзаны түрмеден босатуға дейін әркелкі талаптар қойды. Топ мүшелері түрлі мәлімдемелер жасап жатыр. Олардың талаптарының ешқайсысын орындау мүмкін емес. Бұл - тығырық. Бейбіт жолмен шешуге бола ма? Білмеймін. Тырысып көреді. Келіссөз жүріп жатыр. Менің білуімше, келіссөзшілер, психологтар жұмыс істеуде. Биліктегілер қантөгіссіз шешуге бар күшін салып-ақ жатыр. Іштен тым радикалды мәлімдемелер айтылып жатыр. Олардың ара¬сында өте эмоционалды адамдар бар. Бейбіт жолмен шешу мүмкін болмаса, шабуыл жасалады» дейді.
06:43, 19 Шілде 2016
Еревандағы тығырық
АСТАНА. ҚазАқпарат - Армения астанасы Еревандағы тартысқа әлі нүкте қойылған жоқ. Бұл жөнінде кеңірек тілге тиек етер болсақ, Ереванда полиция ғимаратын басып алған радикалды оппозициялық «Құрылтай парламенті» қозғалысының қарулы мүшелері мен қауіпсіздік күштері арасындағы қарсылық басылмай тұр.