Ереванның орталық алаңында жарылыс болды

АСТАНА. 5 мамыр. ҚазАқпарат - Ереван қаласының орталығында өткен Арменияның Республикалық партиясының митингі кезінде жарылыс болды, деп хабарлайды Утро.ру.

Студенттердің қолдарындағы газбен толтырылған шарлар жарылды. Arminfo-ның хабарлауынша, біреу шарлардың бірінің қасына тұтанып тұрған темекісімен келген.

Алаңда ол кезде 15 мыңнан астам адам бар еді. Республикалық ТЖМ-нің хабарлауынша, 144 адам зардап шеккен, олардың көбі - жасөспірімдер, сондай-ақ екі бала бар. Олардың барлығы түрлі дәрежедегі күйіктер алды.

Зардап шеккендер Күйік орталығына, «Армения» медициналық орталығына, бірінші клиникалық ауруханасына және «Мурацан» медициналық орталығына жеткізілген. Балаларды «Сурб Аствацацин» ауруханасына жіберді.

Арменияның ТЖМ-інен жарылған шарлар гелиймен толтырылғанын хабарлайды. Ал гелий инерттік газ болғандықтан, жана алмайтыны белгілі. Алайда қайғылы оқиғаның ресми себебі әзірше айтылмады.

Жарылыстар мен оның салдарынан алаңда туындаған дүрбелеңге қарамастан, концерт тоқтатылған жоқ, деп жазады Regnum. Төтенше жағдайдан кейін жарты сағат өткен соң жиналғандар алдында Армения Президенті, Республикалық партияның басшысы Серж Саргсян сөз сөйледі. Содан кейін ол ауруханадағы зардап шеккендерге барды.