«Бүгін біз Мемлекет басшысының халықтың әл-ауқатын көтеруді қамтамасыз ету туралы алған қойған міндеттемесін орындауға бар күш-жүгерімізді салудамыз», -деп атап өтті аудан әкімі.
Брифингте айтылғандай, ауданның өнеркәсіп өнімінің негізгі үлесі - 42,8 пайызды құрайды, яғни қайта өндеу өнеркәсібіне тиесілі.
«Ауданда «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» жол картасын жүзеге асыру аясында «Сарыадыр көмір разрезі», «Кірпіш зауыты» жұмысына қайта жанданды. Өндірістің өсуіне «Бірінші жел электр станциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі негізгі үлес қосты. Онда шамамен 3,3 миллиард теңге сомасына 97,3 миллион мегават электр энергиясы өндірілді. Электрмен жабдықтау, бу, газ беру және ауаны баптау үлесі-38,2 пайызды құрады. «Қазақстан Инжиниринг автожөндеу зауыты» акционерлік қоғамының жыл соңындағы өндіріс көлемі 1,6 миллиард теңге болады», - деп толықтырды аудан әкімі.
Аудан әкімі атап өткендей, 2021 жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары қолданыстағы бағамен 10,4 миллиард теңгеге (шағын кәсіпорындарды, қосалқы өндірістерді қоса алғанда) немесе 2020 жылдың тиісті кезеңіне 98,9 пайыз (9,6 млрд.теңге) өнім өндірді.
«Тоғыз айдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 7 миллиард 356,6 миллион теңгені – 111,1 пайызды құрады. Өнеркәсіп саласында инвестициялар «Ерейментау Винд Пауер» ЖШС, «Электросетьстрой» ЖШС, «Голден Энерджи Корп» ЖШС, «Қызылту» ЖШС сияқты кәсіпорындар есебінен 5 миллиард теңгеден астам соманы құрады. 2022 жылы қуаттылығы 100 МГВ болатын тағы бір жел паркін ашу жоспарлануда», - деп түйіндеді аудан әкімі.