Ерейментау ауданында теміржол қозғалысын және электр беру желісін қалпына келтіру жұмыстары толығымен аяқталды

ТАНА. 13 тамыз. ҚазАқпарат - 10 тамызда 9 вагон рельстен шығып кеткен Ақмола облысының Ерейментау ауданында теміржол қозғалысын және электр беру желісін қалпына келтіру жұмыстары толығымен аяқталды,

деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Естеріңізге сала кетейік, төтенше оқиға «Астана-Павлодар» теміржолының 146-шы шақырымында орын алған. «Павлодар-Алматы-1» бағытында келе жатқан №211 жүк көлігінің 9 цистернасы рельстен шығып кеткен. Оның АИ-92 маркалы бензин құйылған 4-еуі аударылып, 2-еуінен бензин төгілген. Аударылмай қалған 5 цистернада керосин бар.

Төтенше оқиғаны жоюға ҚР ТЖМ Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 13 маманы мен 2 техникасы, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның 65 маманы, Ерейментау мен Екібастұз стансыларының өрт сөндіру пойыздары және Павлодар стансысының 1 қалпына келтіру пойызы жұмылдырылды.