«Ерейментау ауданында өрт сөндірушілер екі тәулік бойы арпалысып жүріп, дала өртін сөндірді. Тілсіз жау тамыздың 11-де сағат 09:30 ауыздықталып, сағат 15:50 сөндірілді.
9 тамызда Қойтас ауылдық округінің аумағындағы Қаратал және Масақпай жайлауында да өрт шыққан болатын. Жалын 300 гектар аумақты шарпыды. Зардап шеккендер жоқ», - дейді ведомстводан.
Ведомствоның мәліметіше, Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 52 адам мен 12 арнайы техника, «Ерейментау» орман шаруашылығының 14 жұмысшысы мен 3 техникасы, жергілікті атқарушы органдардың 112 қызметкері мен 18 техникасы, «KazHorseMugalzhar» ЖШС-ның 6 жұмысшысы мен 2 техникасы, «Қырманбай» ШҚ 2 техникасы жұмылдырылды.
«Ақмола облыстық ТЖД-да Ерейментау ауданындағы дала өртін сөндіру бойынша жедел штаб құрылды. Осыған қатысты кез келген мәлімет бойынша 8716-2-55-14-80 хабарласуға болады. Жағдайды өңірдің ТЖД басшысы өз бақылауына алды», деп толықтырды ведомстводан.