Еске сала кетейік, шілденің 27,28,29 және 31 күндері нөсер жаңбыр (267,1 миллиметр) жауды. Бұл жауын-шашынның бір жылдық нормасы. Осының салдарынан, Ерейментау қаласында 10 үйді су шайып кетсе, оның 9-ы апатты жағдайда деп танылды.
Ауданға сапары барысында аймақ басшысы аталған үйлердің тұрғындарымен кездесті. Сондай-ақ, ол зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетілетінін атап өтті.
Қазіргі кезде, мұнда келтірілген шығын көлемін есептеу бойынша арнайы құрылған сараптама комиссиясы жұмыс істеуде. Комисияның шешіміне сай, зардап шеккен отбасыларға көрсетілетін қаражат көлемі анықталатын болады.
Осы күні аймақ басшысы жаңбыр суы шайып кеткен «Ерейментау Аршалы» тас жолының 19 шақырымындағы Құмай өзені арқылы өтетін өткелді барып көрді. Қазіргі кезде аталған өткел қалпына келтіріліп жатыр.