Қалаға кіреберісте оза шауып, олжа салғандарды әулеттің туыстары мен жанкүйерлері қарсы алды.
Жамбыл облысында өңірге сыйлы өрт сөндірушілер отбасының жалпы еңбек өтілі жарты ғасырдан асады. От пен судан қаймықпаған отағасы Толыбайдың жолын тұла бойы тұңғышы Ілияс жалғастырса, ортаншысы Елжан әскери қызметте. Ал озат оқитын сүт кенжесі Жанболат - кадет мектебінің мақтанышы.
«Көптеген жанұяларды көрдік. Олардың әрқайсысы бірінші орынға лайық деп есептелді. Сондықтан Елбасымыз бөле жармай, әркімге өзінің автокөліктерін сыйлап жатыр. Үлкен алғысымызды білдіреміз», - дейді әке жолын жалғастырған өрт сөндіруші Ілияс Ережепов.