Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында өмірге келген ол бұған дейін 22 жекпе-жек өткізіп, оның 20-сында жеңіп, екеуінде жеңіліс тапқан болатын. Ең алғаш қоян-қолтық ұрыстан Бақытжан Ағаділовтан тәлім алған Ержан Естановтың қазіргі таңда қоян-қолтық ұрыс, джиу-джитсу, әскери самбо, ушу-саньда және «Жекпе-Жек» сияқты спорт түрлерінен спорт шебері дәрежесі бар. 2007 жылы қоян-қолтық ұрыстан, 2008 жылы джиу-джитсудан, 2009 жылы ушу-саньдадан Әлем чемпионы атағын иеленген ол 2011 жылдан бері «Алаш прайд» клубы атынан өнер көрсетіп жүр.
11:26, 09 Қыркүйек 2013
Ережесіз жекпе-жек шебері Ержан Естанов бразилиялық Марсело Гайдучимен тең түсті
АЛМАТЫ. 9 қыркүйек. ҚазАқпарат - Филиппин елінің Иматра қаласында ережесіз жекпе-жектен жыл сайын өтетін «Carelia Fight IX» халықаралық дәстүрлі турнирі өтті. Онда ел намысын «Алаш прайд» клубының өкілі Ержан Естанов қорғаған болатын. 65 келі салмақта бақ сынайтын оның бразилиялық Марсело Гайдучимен жекпе-жегін төрешілер тең түсті деп бағалады.