Ережесіз жекпе-жекші қыздар көз арбасу рәсімінде төбелесіп қала жаздады

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Даллас қаласында өткен UFC чемпиондары Аманда Нуньес пен қырғыз спортшысы Валентина Шевченко арасындағы дәстүрлі «көзқарастар дуэлі» кезінде қарсыластар төбелесіп қала жаздады.

Бұл туралы dayonline.ru. сайты жазуда.


UFC спортшы қыздардың көз арбасу рәсімінен видеоны Twitter-дегі өзінің ресми парақшасында жариялап, кейін ол әлеуметтік желіде тарады.

Айта кетейік, Валентина Шевченко мен Аманда Нуньес арасындағы реванштық айқас 8 шілде күні Лас-Вегаста өтетін болады. Бұл жекпе-жек турнирдің басты кездесуі болады.

«Сол соққылар үшін саған он есе көп жауап беремін. Аманда Нуньес, соңғы күндеріңді есептей бер», - деп жазды Шевченко  Instagram-да.