ERG директорлар кеңесінің құрамы өзгерді
АСТАНА. KAZINFORM – Eurasian Resources Group S.à r.l. (ERG) жаһандық қатерлер мен құбылмалы нарықтарда компанияны одан ары нығайтып, дамыту қамында директорлар кеңесінің құрамына өзгерістер енгізгенін хабарлайды.
Директорлар кеңесінің жаңарған құрамында, Шухрат Ибрагимов, кеңес құрамына 2021 жылы еніп, директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланған.
Сабир Шодиев бұл қызметте Патох Шодиевті алмастырды. Эдуард Сурлевич бұл қызметте Александр Машкевичті алмастырды.
Кеңестегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин мен Қаржы министрі Мәди Такиевтер директорлар кеңесінінің мүшесі қызметін атқара береді.
Бұған дейін директорлар кеңесіне мүше болған Топтың негізін қалаушы-акционерлері Александр Машкевич пен Патох Шодиев, Алиджан Ибрагимов компанияның дамуына өлшеусіз үлес қосты.
2014 жылы қолға алынған бизнесті ауқымды трансформациялау бағдарламасының нәтижесінде ERG салалық стандарттарды қалыптастыратын әлемдік көшбасшылардың біріне айналды. Компания кәсіпорындары орналасқан елдерде ондаған мың жұмыс орындарын ашып, жергілікті қауымдастықтардың өмір сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асырып келеді.
Жаңарған директорлар кеңесінің құрамына енген менеджерлер компанияның ішкі процестеріне бұрыннан етене араласып, салада мол тәжірибе жинақтаған. Бүгінде топ акционерлерімен бірлесіп, ERG-дің стратегиялық мақсаттарын іске асыру мен міндеттерін атқаруға септесіп келді. Олардың жоғары кәсіби біліктілігі мен корпоративтік құндылықтарға адалдығы компаниядағы бірізділікті сақтап, табиғи буын алмасу процесін қамтамасыз етеді.