ERG кеншілері: Референдум – ел тағдырын айқындайтын шешім

Фото: ERG

АСТАНА. KAZINFORM — Жаңа Конституция еңбек жағдайлары мен жұмыс беруші арасындағы әділдікті нығайтып, мемлекеттің жұмыс орындары сапасын арттыруға бағытталған саясатының негізін қалыптастырады. Бұл пікірді елдегі ірі компаниялардың бірі – ERG құрамына кіретін «Шұбаркөл көмір» АҚ және «Восточный» разрезінің кеншілері мәлімдеді. Олар отандастарымызды референдумға қатысуға шақырды. 

— Жаңа Конституцияда адам, оның өмірі мен қадір-қасиеті — мемлекеттің ең жоғары құндылығы екені нақты бекітіліген. Бұл біз үшін қарапайым әрі түсінікті қағидалар: еңбек қауіпсіздігі — формалды іс емес, мызғымас міндет, жұмысшы құқығын қорғау– өтініш емес, заң, — дейді ERG Көмір дивизионының кеншілері.

Фото: ERG

«Шұбаркөл көмір» АҚ мен «Восточный» разрезі — еліміздегі энергетикалық көмір өндіретін ең ірі кәсіпорындар қатарында. Олар Қазақстан экономикасына елеулі үлес қосып келе жатқан өнеркәсіп нысандары.

Фото: ERG

— Бүгін ел жаңа Конституцияны қабылдау секілді маңызды шешімнің алдында тұр. Еңбек ұжымы үшін бұл жай ғана құжат емес: бұл — өмір мен дамудың негізі, құқық пен бостандықтың кепілі. Конституцияда адам, оның өмірі мен қадір-қасиеті мемлекеттің ең жоғары құндылығы екені нақты көрсетілген, — деп атап өтті ERG Көмір дивизионының операциялық директоры Сергей Ким.

Фото: ERG

Кеншілер кәсіпорын табысы тәжірибе мен жастық жігердің, берік дәстүр мен өндірістегі заманауи тәсілдердің үйлесіміне негізделгенін атап өтті. Еңбек қауіпсіздігінің жоғары стандарттары, қызметкерлердің біліктілігі және технологияларды тұрақты дамыту — жұмыстың негізгі бағыттары болып қала бермек.

Еліміздің болашағы өзіміз қабылдаған шешімдерге байланысты. Референдумға қатысу — осы тағдыршешті істен шет қалмай, өз болашағыңды таңдауға атсалысу деген сөз.

Фото: ERG

«Шұбаркөл көмір» АҚ және «Восточный» разрезінің кеншілері референдумға белсенді қатысып, дұрыс таңдау жасауға шақырды.

Айта кетейік, «Қазхром» ТҰК» АҚ қызметкерлері де қазақстандықтарды референдумға қатысуға шақырған еді.