ERG Орталық Азиядағы алғашқы автодиск зауытын ашпақ

АСТАНА. KAZINFORM — ERG мен Astana Motors техникалық серіктесі – Hyundai SungWoo компаниясы бірлесіп, Павлодарда Орталық Азиядағы алғашқы толық циклді автокөлік дискілерін өндіретін кәсіпорын ашады.

Фото: ERG

Сеулде Eurasian Resources Group пен Оңтүстік Кореяның Hyundai SungWoo Casting компаниясы Павлодарда жеңіл қорытпадан жасалатан автомобиль дискілерін өндіретін зауыт салу жобасына қатысты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Жобаның серіктесі – қазақстандық автоөндіруші Astana Motors. Жобаға құйылатын жалпы инвестиция көлемі – $50 млн. Сериялық өндірісті 2028 жылы іске қосу жоспарланып отыр.Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның бірлескен инвестициялық жобасы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа таныстырылды.

Фото: ERG

Жаңа зауыт – Орта Азиядағы автомобиль дискілерін толық циклді өндіретін алғашқы кәсіпорын болады. Өндірістік тізбек 5 кезеңді қамтиды: боксит пен (бастапқы алюминий тотығы) глинозем өндіруден бастап, бастапқы алюминий алуға, алюминий қорытпасын дайындауға және дайын автомобиль дискілерін өндіруге дейінгі кезеңдер. Осылайша, ERG-дің қазақстандық алюминийі еліміздің ішінде өңделіп, автомобиль өнеркәсібіндағы қосылған құны жоғары дайын компонентке айналады.

Жоба аясында ауданы 16 мың шаршы метр кәсіпорын салынбақ. Бірінші кезеңде одағы өндірістік қуат – жылына 500 мың автомобиль дискісі межесінде болады. Зауытта шамамен 200 жоғары білікті жұмыс орны ашылады. Жобаның екінші кезеңінде өндіріс көлемін жылына 1 млн дискіге дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

– Біз бұл жобаны – Қазақстанның алюминий өндірісі саласын дамытудағы келесі қадам деп білеміз. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біз өндірісте толық қайта өңдеу стратегиясын ұстанып келеміз. Өндірістің барлық 5 кезеңі Қазақстанда жүзеге асырылады – боксит өндіруден бастап, дайын алюминий дискілерін шығаруға дейін. Бұл қосылған құнды арттыруға, жаңа құзыреттер қалыптастыруға және еліміздегі өнеркәсіп кооперациясын одан әрі дамытуған жаңа мүмкіндіктер ашады, – деді ERG-дің Қазақстандағы бас директоры Кудрәт Шамиев.

Фото: ERG

Жобаның технологиялық серіктесі – автомобиль өнеркәсібіндегі жеңіл қорытпалы диск өндіруге маманданған Hyundai SungWoo Casting компаниясы. Серіктес жобаны технологиялық шешімдермен және өндірістік процестерді ұйымдастыру, өндірісті жолға қойып, сапаны бақылау салаларындағы сараптамалық тәжірибемен қамтамасыз етеді.

Кәсіпорынның өнімдері халықаралық автомобиль өнеркәсібінің талаптарына сәйкес болады. Өнімдерді Қазақстан нарығына, сондай-ақ Орталық Азия елдеріне экспортқа бағыттау көзделген.

Жобаны іске асыру қазақстандық алюминийді қайта өңдеу деңгейін арттыруға, автомобиль өнеркәсібінде жаңа өндірістік құзырет қалыптастыруға және жергілікті жеткізушілер тізбегін одан әрі дамытуға негіз болады.

Қазақстандық алюминийден өндірілген алғашқы сериялық алюминий дискісін 2028 жылы шығару жоспарланып отыр.

ERG-дің тыныс-тіршілігі жайлы толымды ақпарат ресми телеграм-арнамызда