Ерғали Шамей пара дзюдодан Азия ойындарының чемпионы атанды

Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия пара ойындарында дзюдошы Ерғали Шамей жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Әлем чемпионы Ерғали Шамей J1 санаты бойынша 73 келіге дейінгі салмақта финалда тағы бір қазақстандық Аслан Нұрдәулетовпен чемпиондық атаққа таласты.

Е.Шамей А.Нұрдәулетовтен 10:0 есебімен айласын асырды. Асланға күміс жүлде бұйырды.

Осылайша, пара дзюдодан Қазақстан қоржынына екінші алтын түсті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын параспортшы Ақмарал Науатбектің Азиада чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Давид Дегтярев Қазақстан қоржынына тағы бір алтынды салды.