ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, 15 наурыз күні 16 сағат 30 минутта таудан келген еріген қар суы Котовский, Бейбітшілік, Гоголь, Айвазовский, Торайғыров, Шверник, Клейверная, Мақатаев, Левитан және Тоқаев көшелеріндегі барлығы 34 үйді басып қалды. Тұрғын алқабынан суды шығару мақсатында арықтар тазаланып, аулалардан су сыртқа ағызылды.
Кешкі сағат 21.00-де су деңгейі төмендеп, аулаларға судың келуі тоқтады.
Төтенше жағдайды жоюмен 85 адам мен 7 техника, соның ішінде ҚР ТЖМ Алматы облысы бойынша ТЖД-ның 8 адамы мен 3 техникасы айналысты.
Аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері су астында қалған ауданды бақылауға алып, айналма жолдарды ұйымдастырды.