Ерік Әлжанов - Әлем чемпионатының ширек финалында
01:08, 29 Тамыз 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық боксшы Ерік Әлжанов осы уақытта Гамбургте өтіп жатқан әлем чемпионатында өзінің алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ерік Әлжанов қарсыласы - австриялық Клэй Уотерманды 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.
Қазақ боксшысы ширек финалдық кездесуін ертең, 29 тамыз күні өткізеді.