Эрик Моралес: «Өз карьерасы үшін Альварес Головкинді жеңуі керек»
18:29, 14 Ақпан 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Төрт салмақ дәрежесіндегі бұрынғы әлем чемпионы Эрик Моралес WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль Альварес WBA/IBF чемпионы Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізуі керек, деп есептейді.
«Канело шаршы алаңда бар мүмкіндігін көрсеткенге дейін оны көпшілік сынап жүреді. Өз карьерасы үшін Канело Головкинмен кездесіп, оны жеңуі тиіс», - деген Моралестің сөздерін келтіреді Boxing Scene.
Головкин Альварес титулына міндетті үміткер болып табылады.