Эрик Робертс Астанада: Голливуд актері Көшпенділер ойындарымен танысты

АСТАНА. KAZINFORM — Танымал Голливуд актері Эрик Робертс 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарымен танысу мақсатында Қазақстан Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының арнайы шақыртуымен Астанаға келді.

Фото: Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау жəне өткізу дирекциясы

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау жəне өткізу дирекциясы танымал актерге елордадағы «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешенінде Ойындардың таныстырылымын өткізді.

Эрик Энтони Робертс - америкалық кино жəне телевизия актері. Ол 700-ден астам фильмдер мен телехикаяларға түскен жəне кино əлеміндегі атақты «Оскар» мен «Алтын глобусқа» үміткер болған.

Айта кетерлігі, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында этникалық спорт түрлерінен өткізілетін халықаралық спорт жарыстары – 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000- нан астам қатысушы қатысады деп жоспарланудаАстанадда өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.