«Бүгiнде облыста агроөнеркәсiптiк және индустриалды кешен, тұрғын үй құрылысы, кәсiпкерлiк, әлеуметтiк сала белсендi дамып келедi. Бұл жетiстiктер - сiздердiң әрбіріңіздің еңбектерiңiздiң жемiсi. Тәуелсiздiк жылдары облыста атқарылған шаруа аз емес. Алдымызда одан да ауқымды мiндеттер тұр. Осы орайда баршамыз ел ертеңi жолында бiр кiсiдей жұмыла еңбек ете беремiз деп сенемiн», - деп атап өттi өңiр басшысы.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы мемлекеттiлiгiнiң қалыптасуына, егемендiгiнiң нығаюы мен әлеуметтiк-экономикалық дамуына қосқан елеулi үлесi үшiн «Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгiне 25 жыл» мерекелiк медалiмен 44 солтүстiкқазақстандық марапатталды. Олардың арасында еңбек ардагерлерi, этномәдени және қоғамдық бiрлестiктердiң, бұқаралық ақпарат құралдарының және өзге де сала өкiлдерi бар.
Жиын соңында облыс әкiмi Ерiк Сұлтанов қатысушыларды Тәуелсiздiктiң 25 жылдық мерейтойымен құттықтап, ел дамуы жолындағы еңбектерiне табыс тiледi.