Марафон қатысушыларымен бірге Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов та шаңғы тепті.
Спорттық іс-шараның салтанатты ашылуын жариялай отырып, өңір басшысы солтүстікқазақстандықтардың еліміздегі салауатты өмір салтын ұстанатындар көшін бастап келе жатқанын тілге тиек етті. Облыстың 29,6% тұрғыны спортпен шұғылданады.
«Тәуелсіздік алған жылдары Солтүстік Қазақстан облысында 2700-ден астап спорттық мекемелер салынған. Бұл жұмысты біз ары қарай жалғастырамыз. Соңғы екі жылдың ішінде 192 хоккей және 250 футбол алаңдарын салсақ, соның 46-сы жасанды жолмен жабылған», - деді Ерік Сұлтанов. Іс-шара қатысушыларын ҚР Президенті көпсайысының бірнеше дүркін чемпионы Александр Наумов құттықтады.