Ерік Сұлтанов Петропавл базарларын аралады

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл қаласына жасаған жұмыс сапары барысында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов  базарларды аралады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауылшаруашылық жәрмеңкелері апта сайын қаланың бірнеше базарларында өтуде. Ауыл тұрғындары өз тауарларын нарық бағасынан 15-20%-ға төмен сатады. СҚО әкімі өнімдер мен олардың бағаларымен танысты.
 

Айта кеткен жөн, петропавлдықтар қала әкімінің есептік кездесуінде базарлардағы азық-түлік бағасы мәселесін көтерген еді. Ерік Сұлтанов бағаларды жеке бақылауына алатындығына уәде еткен.

Өңір басшысы содан кейін Киров атындағы зауытқа барды. Бұл жерде таяуда арада білім беру мекемелеріне арналған бағдарламалық жасақтамасы бар 3D-принтерлер шығарылатын болады.
 

Кәсіпорын басшысы Марат Әбілмажинов Ерік Сұлтановқа 3D-принтерлерді бірлесіп өндіру бойынша екі шетелдік компаниямен келісім жасалғандығын айтты. Кәсіпорын жобаны жүзеге асыруға 2017 жылдың бірінші тоқсанында кіріседі. 3D-принтердің бағасы шамамен 500 мың теңгеден аспайтын болады.

Облыс әкімі жұмыс сапары барысында тағы бір нысанға - салынып жатқан сауда-сауықтыру кешеніне кіріп шықты. Ол қаладағы 20-мөлтекауданда орналасқан.
 

«Торговая компания МДМ» ЖШС директоры Расул Дадашов хабарлағандай, жалпы аумағы 23 мың шаршы метрлік орталықта супермаркеттер, төрт кинозал, балалар аттракционы, мұз айдыны, фитнес-зал және  басқа да нысандар орналасады. Расул Дадашовтың айтуынша, нысан 2017 жылдың екінші жартыжылдығында пайдалануға берілмек.