Конференция барысында Петропавл қаласы оқушыларының мектеп киiмi үлгiлерi көрсетiлдi, сондай-ақ өңiр басшысы мектеп киiмi үлгiлерiн жасаушылардың өнiмдерiмен танысты. Бұдан бөлек, конференция өткен Жастар сарайының кiреберiсiнде облыстың бiлiм беру мекемелерiнң жетiстiктерiнiң таныстырылымы болды.
Жиналыс барысында сала өкiлдерiнiң ерен еңбектерi бағаланды. ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi департаментiнiң директоры Нұрсейiт Байжанов бiлiм беру саласының 5 қызметкерiне «ҚР бiлiм саласының Құрметтi қызметкерi» төсбелгiсiн, ал тағы 2 қызметкерге «Ы.Алтынсарин» белгiсiн табыстады.
Конференцияға қатысушыларға арнап сөйлеген сөзiнде Ерiк Сұлтанов «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыруға байланысты бүгiн мектептегi бiлiм беру жүйесi жаңа жаңарту кезеңiнде тұрғанын атап өттi.
Осыған байланысты мемлекет, атқарушы органдар тарапынан жасалып жатқан үлкен iргелi iстер бiлiм жүйесiн жаппай дамытуға бағытталған. Осы жылы бiздiң өңiрде аталған саланы қаржыландыруға 49,1 млрд.теңге қаражат бөлiнген.
СҚО әкiмi мектепке дейiнгi бiлiм берудiң жай-күйiне үлкен назар аударды. Бүгiнде бұл жұмыста басты салмақ мемлекеттiк-жеке ықпалдастыққа түсiп отыр. Соңғы екi жылда шағын және орта бизнес субъектiлерiнiң қатысуымен 2000-нан астам мектепке дейiнгi орын ашылған.
«Петропавл қаласында 3 жастан 6 жасқа дейiнгi балаларды балабақшамен толық қамту үшiн жақын арада концессия аясында 140 орынды балабақша құрылысын бастау, сондай-ақ 2017 жылы концессия бойынша тағы 2 балабақша салу жоспарланған. Бұл 370 орын келесi жылы пайдалануға берiлетiн болады. Олар облыс орталығының үлкен сұранысқа ие ауданында салынатынын атап өткiм келедi», - дедi Ерiк Сұлтанов.
Сондай-ақ Ерiк Сұлтанов орта бiлiм беру мәселесiне де кеңiнен тоқталды. Мұнда жаңартылған бiлiм мазмұнында материалды-техникалық қорды нығайтуға үлкен талаптар қойылып отыр.
Сонымен, 59 бiлiм беру мекемесiнде жалпы сомасы 1 млрд.300 млн. теңге болатын күрделi жөндеу жұмыстары жүргiзiлуде.
«Компьютерлiк сыныптарды жаңартуға 100 млн.теңге бөлiнiп, мектептерге 1099 жаңа компьютер сатылып алынды. Облыстың мектептерiн қажет оқулықтармен қамтамасыз ету үшiн облыстық бюджеттен 520 млн.теңге, оның iшiнде 8 мыңнан астам бiрiншi сынып оқушылары үшiн190 млн.теңге бөлiндi», - деп атап өттi облыс әкiмi.
Шара барысында Ерiк Сұлтанов ұстаздарды жаңа оқу жылының бастауымен құттықтап, сала қызметкерлерiнiң еңбегiн бағалап өттi. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң Құрмет грамотасымен 2 ұстаз марапатталса, тағы 4-i алғыс хатқа ие болды.
Сондай-ақ, өңiр басшысы оқу орындардың ұстаз кәсiбiн таңдаған 15 түлегiне сәттiлiк тiледi.
Айта кету керек, осы жылы «Орта бiлiм берудiң үздiк мекемесi» атағына Уәлиханов ауданының Бидайық орта мектебi ие болды. Сый-сыяпат ретiнде аталған мектепке облыстық бюджеттен 17 млн.теңге грант бөлiндi.
Ерiк Сұлтанов ғылыми жобалар мен республикалық олимпиада жеңiмпаздарын дайындағаны, бiрыңғай ұлттық тестiлеуде үздiк көрсеткiшi, бiлiм сапасының тәуелсiз бағалаудағы жоғары көрсеткiшi үшiн өңiрдiң 26 ұстазына ақшалай сыйлықақы табыстады. Сондай-ақ осындай марапатқа түрлi аталымдар бойынша тағы 12 ұстаз ие болды.
Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгi жылдарында бiлiм беру саласын дамытуға қосқан өлшеусiз үлестерi үшiн педагогикалық еңбектiң 6 ардагерiне құттытау адресiн тапсырды.
Конференция барысында бiлiм басқармасының басшысы Шолпан Қаринова, «Ардагерлер бiлiм сапасы үшiн» ҚБ төрайымы Раиса Полищук, Н.Назарбаев бiлiм қорының кеңесшiсi Федор Вассерман, сондай-ақ бiлiм саласының қызметкерлерi, ата-аналар комитетiнiң өкiлдерi баяндамаларын оқыды.