Ерікті түрде түрмеге отырған еріккен

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та ер адамды өзінің сұрауы бойынша түрмеге қамады, деп жазады шетелдік БАҚ.

Түрмеде отырып шыққан 74 жастағы Уолтер Унбехаун бостандыққа шыққан соң іші пыса бастайды. Түрме туған үйіндей болып кеткендіктен, ол сол орынға қайтып келуді шешкен. Уолтер бір банкке келіп, кассирді тапаншамен қорқытып, кассадағы барлық ақшаны алып кетеді де, жақын маңда орналасқан қонақүйлердің бірінде полицияның келуін күтіп жатады. Ал сотта ол бостандықта іші пысқандығын, түрмеге қайтып оралғысы келетіндігін айтқан. Сот оның бұл өтінішін орындап, ер адамды 3,5 жылға бас бостандығынан айырған.