Еріктілер Сафар Шәкеевті іздеу үшін жедел топтар құрды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сафар Шәкеевті іздеумен айналысып жатқан еріктілер келіп түскен мәліметтерді жедел өңдеу үшін ұшқыр топтар құрды.

«Таңертеңгі жұмыстың негізгі бағыттары - Ремизовка және оның маңындағы аудандардағы иесіз қалған шипажайларды және саяжайларды қарап шығу. Сондай-ақ сауалдаманы және халықты хабардар етуді жалғастырамыз, ықтимал куәгерлерді іздеудеміз. Ертеңнен бастап (22 шілде) қалада кезекші ұшқыр топтар іске кіріседі, олар шығуға және келіп түскен дабылдарды өңдеуге әзір. Біз сіздерге көмектеріңіз бен қолдауларыңыз үшін алғыс айтамыз», - деп жазды Facebook-те Шәкеевтер отбасының досы Виктория Момынбаева.

Бұдан бұрын еріктілер Ремизовка тұрғындарына Сафар Шәкеевті іздеуге көмектесу жөнінде өтініш жасады. Сонымен бірге, жоғалып кеткен жігіттің жақындары мен таныстары Сафарды оған дейін көрген  бейнетіркеуіштер мен бақылау камералары жазбалары табылатынына үміттенеді. Бұл - Ремизовка бағытындағы Әл-Фарабиден жоғары Сейфуллин ауданы.

Кеше Сафар Шәкеевті іздеу жөніндегі Алматыдағы штаб жиналатын жерлерін өзгерткені белгілі болды, енді еріктілер шаңғы трамплині аумағында жиналады.

Айтқандай, жас жігітті іздеуге ҚР ІІМ ТЖК республикалық жедел-құтқару жасағының сүңгушілері де қосылды, олар Весновка өзені учаскесін - Шевченко көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі аумақты қамтыды.

Сонымен бірге, Сафарды қаланың құтқару қызметтері де іздеуде - 100-ден астам полицейлер мен еріктілер іске қосылған.  

Атап өтейік, белгілі қазақстандық композитордың ұлының қайда екені туралы ақпарат  үшін 10 млн. теңге тігілген. Еріктілер Сафар Шәкеевтің жоғалған күні көруі мүмкін жүргіншілер мен жүргізушілер табылып қалуы мүмкін деп үміттенуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын ұлын іздеуге қазақстандық белгілі композитор, музыкант, орындаушы-автор Еркеш Шәкеевтің өзі өтініш жасаған болатын. Сафар Шәкеевтің жоғалып кеткені туралы хабар полицияға 16 шілде күні, кешкі сағат 22 шамасында түсті. «Біздің бөлімше мен Алматы ІІД криминалдық полиция басқармасы қызметкерлерінен арнайы тергеу-жедел топ құрылды», - деді бұдан бұрын Медеу ауданы ІІБ бастығы, полиция полковнигі Есен Ысқақов.