«Бізге иттерімен кинологтардың көмегі шұғыл қажет. Көмектесулеріңізді сұраймыз, байланыс желісін хабарлауды немесе штабтың тәулік бойы жұмыс істейтін 77079286494 77272590114» нөмірлеріне хабарласуды өтінеміз», - деп жазды ол өзінің Facebook-тегі парақшасында.
Сонымен бірге Виктория өшірілген телефонның мәліметтерін анықтай алатын адамдардан көмек сұрады, сондай-ақ оқиға орнын спутиниктік бақылау жүйесі суретімен көмектесуді өтінеді.
Еске сала кетейік, қазақстандық композитор Еркеш Шәкеев ұлы Сафардың жоғалып кетуіне байланысты мәлімдеме жасады.
«Мен бүкіл өмірімді өнерге және адамдарға арнадым. Өкінішке орай, қырсық менің отбасыма да үйірілді. Әке ретінде егер де біреулер менің ұлым Сафарды ұстап отырған болса, немесе қайда екенін білетіндер болса - оны босатуларыңызды өтінемін. Бұл адамдарды қандай да бір жауапкершіліктен құтқару үшін қолымнан келетін шараларды қолға алатыныма уәде беремін. Түсіністікке үміттенемін», - деді Еркеш Шәкеев.
Бұдан бұрын еріктілер Ремизовка ауылы тұрғындарының да Сафар Шәкеевті іздестіруге көмектесулерін сұрады. Жоғалып кеткен жігіттің жақындары мен таныстары бұл оқиғаға дейін Сафар бейнетіркеуіштерден, бақылау камераларынан табылып қала ма деп үміттенеді.
Сонымен бірге, Сафарды қаланың құтқару қызметтері іздестіруде, оған 100-ден астам полицейлер мен еріктілер жұмылдырылған.
Атап өтейік, белгілі қазақстандық композитордың ұлының бір хабарын беруге қол үшін берген адамдарға 10 млн. теңге тігілген болатын.