Еріктілер Жайық өзенінің жағасынан 15 тонна қоқыс жинады
22:10, 28 Мамыр 2018
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда «Таза су айдындары» атты табиғатты қорғау акциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бугорки» саяжай учаскесінде өткен дәстүрлі акцияға әртүрлі компаниялар мен ұйымдардың 200-ге жуық өкілі, сондай-ақ еріктілер де қатысты. Бұл акцияның мақсаты - Жайық өзенінің жағалау белдеуін қоқыстан тазарту. Жайық жағасында шамамен 15 тонна құрғақ қоқыс жиналды. Оған 10 көлік пен екі қайық шақырылды. Барлық қоқыстар «Камазбен» қоқыс полигонына жеткізілді», - деді Атырау орман және жануарлар дүниесі инспекциясының бас маманы Ақжан Зұлқарова.
Айта кеткен жөн, бір айға созылған «Таза су айдындары» тазалық акциясы облыс бойынша кең көлемде ұйымдастырылып келеді.