Еріктілік бағдарламаларын тиімді ұйымдастыру және рroject-менеджмент бойынша бапкерлер курстары өтеді

АЛМАТЫ. 14 сәуір. ҚазАқпарат -  «Komanda SOS» еріктілерді біріктіру орталығы үкіметтік емес ұйымдар өкілдері үшін «Бапкерлер мектебі» әлеуметтік бағдарламасы бойынша курстар өткізеді.

Еріктілерді біріктіру орталығы - Қайырымдылық Seimar Social Fund пен БҰҰ еріктілер бағдарламасының бірлескен шарасы. Бапкерлер мектебі еріктілермен жұмыс істейтін және әлеуметтік бағдарламаларды іске асырумен айналысатын мамандардың мықты тобын құруға бағытталған. Бапкерлер мектебіне қатысушыларды жинау байқау негізінде өтеді. Алғашқы курс аумақтық ҮЕҰ үйлестірушілері үшін  19-20 мамыр күндері өтеді. Екінші курс аумақтық ҮЕҰ бапкер-волонтерлары үшін  22-23 қыркүйек күндері болады.

Бапкерлер мектебіне қатысу байқауы 2 кезеңнен тұрады. Байқаудың бірінші кезеңінде үміткерлер - бекітілген үлгі бойынша сауалнама, түйіндеме және «Мен өзімнің қызметімді жақсы көремін, өйткені...» тақырыбында эссе өткізу керек. Оларға қойылатын талаптар:  1 жыл бойы ҮЕҰ жоба үйлестірушісі немесе жоба маманы ретінде жұмыс тәжірибесі.  Жасы 21-ден 30-ға дейін болуы және орыс немесе қазақ тілдерін толық меңгеруі. Ал екінші курс кандидаттарына қойылатын талаптар: жасының 18-ден 35-ке дейін және  1 жыл бойы ҮЕҰ волонтер ретінде жұмыс тәжірибесінің болуы.   

Бірінші курсқа сұранымдар 2 сәуірден 23 сәуірге дейін қабылданады. Екінші курсқа қатысушыларды жинау жайлы ақпарат қосымша жарияланады. Оқыту бағдарламаларына 1-курста:  еріктілерді іздеу және тарту өнері. Уәждің және ынталандырудың мүмкіндіктері. Еріктілік бағдарламаларды әзірлеу. Фандрейзингтік қызмет. Еріктілермен жұмыс істеудің құқықтық аспектілері мен   БАҚ қызмет ету негіздері енген. Екінші курста: балаларға (балалар үйлеріне)  шетел тілдерін оқыту әдістемесі. Ересектер мен балалар (балалар үйлерінің және оңалту орталықтарының) үшін компьютерлік сауаттылықты оқыту әдістемесі. Өзгеше қажеттіліктері бар адамдарға қарау негіздері (әсіресе хоспистерге). ҮЕҰ әкімшілік қызметі мен іс қағаздарын жүргізуге кіріспе. Фандрейзинг және серіктестермен жұмыс қарастырылған.