Тәттінің ерекше түрін ойлап тапқан ағылшындар оны әзірлеу әдісін құпияда ұстауда. Бірақ кейбір тілшілердің қол жеткізген мәліметіне сәйкес, балмұздақтың ванильді бөлігі арнайы түрде температуралық өңдеуден өтеді екен. Ерімейтін балмұздақ авторы - шеф-аспаз Хестон Блюменталь. Ол әлемге ерекше тағамдарымен танымал болды. Атап айтсақ, ұлудан пісірілген ботқа, балықтан жасалған желе.