Жапонияда өтіп жатқан Сурдлимпиадада Ұлттық Құрама спортшысы Еркебұлан Канафин (81 кг) финалдық белдесуде мажар дзюдошысы Патрик Отвошты сенімді түрде жеңіп, Сурдлимпиаданың чемпионы атанды.
— Қазақстандық спортшы жарыс бойы қарсыластарына мүмкіндік бермей, шешуші кездесуде де басымдықты толық өз жағында ұстай алды, — делінген хабарламада.
Бұдан бұрын Евгений Кошкин конькимен жүгіруден әлем кубогы кезеңінде күміс жүлде алғанын жазған едік.