Еркеғали Рахмадиевтің 85 жылдығына арналған кеш өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандыда белді композитор Еркеғали Рахмедиевтің 85 жылдығына арналған концерт өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеште «Астана Опера» театрының солисі Айзада Капонова, скрипкашы Әнел Шәкірова өнер көрсетеді. Сондай-ақ концертке Петр Грибановтың жетекшілігімен Қарағанды симфониялық оркестрі қатысады.

Еркеғали Рахмадиев (1932-2013) - КСРО халық әртісі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор. "Қамар сұлу","Алпамыс" опералары, "Абылай хан" сияқты алты операның, көптеген оркестрлік, вокалдық-хор, театрлық-сахналық, камералық-аспаптық шығармалар, әндер мен романстардың авторы.
1968 жылдан Қазақстан Композиторлар одағының төрағасы болды. Өмірінің соңғы жылдарында Астанада тұрып, еңбек етті. К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера театрында кеңесші болды, Астанада опера өнерінің дамуына үлкен үлес қосты, Қазақ ұлттық музыка академиясының студенттері мен аспиранттарына Айман Мұсақожаеваның жетекшілігімен музыкалық шығарма жазудың теориясы бойынша дәріс берді.

Концерт 30 қараша күні (сағат 18.30-да) «Шалқыма» концерт залында өтеді.