Еркеш Шәкеев ұлы Сафардың қаза болуына қатысты себепті жария етті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Танымал қазақстандық композитор және ақын Еркеш Шәкеев өзінің Фейсбуктегі парақшасында ұлы Сафардың қаза табуына қатысты себеп туралы жазды. Ол өзіне қолдау білдіріп, жанұясының қайғысына ортақтасқан барша жанға ризашылығын білдірді.

«Ол (Сафар Шәкеев - ред.) жазатайым оқиғадан қаза тапты, Есентай өзені бөгетіндегі шлюзге өте жақын барған. Ондағы өзен жағалауы құлауы әбден мүмкін, себебі оны соңғы рет көрген жер қазір өзеннен тым алыс. Куәгер қыз ұлымның қай жерде отырғанын көрсетті, бетін жуып отырғанын айтты. Бірақ қазір ол жерден суға қол созу мүмкін емес», - делінген жазбада.

Одан бөлек, композитор Сафарға арналған фильм туралы айтты.

«Ұлымның туған күніне орай, еріктілер мен достары үшін екі досыммен бірігіп фильм жасадым. Сафар 25 жасқа толмай жатып, шет елдерде өз елінің даңқын шығарды», - деп атап өтті ол.

Ата кетейік, кеше Сафар Шәкеевті еске алу кеші өтті. Жас жігіттің денесі 28 шілде күні Есентай өзенінен табылды. Сафар Шәкеевтің із-түзсіз жоғалып кеткені туралы мәлімдеме 16 шілде күні жарияланды.