Еркін еліміз жарқын болашақ үшін тамаша таңдау жасады - «Назарбаев зияткерлік мектептері» АҚ Басқарма төрайымы Күләш Шамшидинова

АСТАНА. 11 сәуір. ҚазАқпарат - «Қазақстан халқы бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ынтымақтастық пен татулықтың асқан үлгісін көрсетті.

Еркін еліміз жарқын болашақ үшін тамаша таңдау жасады. Халқымызды талқысы мол қиындықтан алып шыққан, жарқын болашаққа бастайтын тарих таңдауы болды. Елбасының жеңісі - асылын танып, ардақтай білетін, ерін демеп, қолдай білетін дана елдің ерен жеңісі», - дейді «Назарбаев зияткерлік мектептері» акционерлік қоғамының Басқарма төрайымы Күләш Шамшидинова.

Оның сөзінше, «Назарбаев зияткерлік мектептері» АҚ-ы мен оған қарасты ұжым педагогтері заманауи, қарқынды, әлеуметті Қазақстанның болашағын бірлесе құру мүмкіндігінің болғанына қуанышты. Қазақстан халқының дамыған елдермен иық теңестіріп, озық ұлт өкілдерімен терезесі теңелгенін әрбір қазақстандық Елбасының көрегендікпен жүргізген салиқалы саясатының арқасында келген бақ деп біледі.

«Президентімізге мемлекетімізді гүлдендіру жолында табыстар мен мықты денсаулық тілейміз! Шын жүректен шыққан және шынайы ықыласқа толы құттықтауымыз бен көп қырлы қызметіне жаңа табыстар тілейміз»,-дейді акционерлік қоғам мен мен оған қарасты мекемелер атынан Елбасының Президент болып сайлануына байланысты жолдаған құттықтауында.