70 келідебелдескен Қайпанов ақтық айқаста түркиялық Хайдар Явузға есе жіберді.
Сондай-ақ, бұлкүні кілемге шыққан спортшылар арасында Саятбек Оқасов пен Дәулет Ниязбековқола жүлдегер атанды. Екі балуан да 65 келіде ел намысын қорғаған болатын.
Бұған дейінЦиолковский мемориалында Нұрислам Санаев (57 келі), Расул Қалиев (61 келі),Ғалымжан Өсербаев (79 келі), Нұрғали Нұрғайыпұлы, Ералы Әбдірашев (92 келі)және Әлішер Ерғали (97 келі) жеңіс тұғырына көтерілді.
Осылайша, еркінкүрестен Қазақстан командасы Польшадағы халықаралық турнирден 9 медаль жеңіпалды.