АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық Рахат Қалжан (57 келі) Астана қаласында өтіп жатқан еркін күрестен Азия чемпионатында қола алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ол 3-орын үшін сайыста моңғолиялық Занданбудын Занабазармен шеберлік байқасты. Соңғы секундтарда қазақстандық балуан қарсыласына 1:4 есебімен жеңіліп тұрған еді. Оған қарсы әдіс қолданып, жеңісті жұлып әкетті. Есеп 6:4.
Енді ел құрамасынан Санжар Досжанов (70 келі) және Болат Сақаев (79 келі) финалда белдеседі.
Ал Мұхтар Санжар (65 келі), Бекзат Үркімбай (97 келі) 3-орын үшін сайысқа түседі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.