АСТАНА. ҚазАқпарат - 21-26 қараша аралығында Польшаның Быдгощ қаласында еркін күрестен 23 жастан төмен балуандар арасында тұңғыш рет әлем чемпионаты өтеді. Аталмыш байрақты бәсекеде ел намысын кімдер қорғайтыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алғаш рет жалауы желбірегелі отырған додаға Қазақстаннан ерлерден - сегіз, әйелдерден - сегіз, жалпы 16 балуан сынға түсетін болады.
Ерлер арасында:
57 келі: Жандос Ысмайылов
61 келі: Қуат Әміртаев
65 келі: Мадияр Бұрхан
70 келі: Зулфикар Маxаматов
74 келі: Еркебұлан Тілеу
86 келі: Азамат Дәулетбеков
97 келі: Бақдаулет Әлментай
125 келі: Жүсіп Батырмырзаев
Әйелдер арасында:
48 келі: Ирина Борисова
53 келі: Айгүл Нұрәлім
55 келі: Марина Седнева
58 келі: Назира Аманжолова
60 келі: Аяулым Қасымова
63 келі: Зарина Құнанғараева
69 келі: Жамилә Бақбергенова
75 келі: Гүлмарал Еркебаева.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.