Еркін күрестен әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еркін күрестен Нұр-Сұлтандағы әлем чемпионатына қатысатын балуандардың есімдері белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлағандай,команданы толық жасақтау үшін бірнеше салмақтағы балуандар арасында қосымшабелдесулер өткізілген. Нақтылап айтар болсақ, бапкерлер кеңесі 65, 86, 92 және125 кг үздік балуанды анықтау үшін қосымша белдесулер ұйымдастырды.

65 келіде Дәулет Ниязбеков пен Саятбек Оқасов күресіп,тәжірибелі Дәулет жеңіске жетіп, аталған салмақта әлем чемпионатынада елнамысын қорғамақ.

Сондай-ақ, 86 келідегі Әділет Дәулембаев пен АзаматДәулетбеков арасындағы белдесудің жеңімпазы болып Әділет Дәулембаев танылды. 92келідегі Ералы Әбдірашев пен НұрғалиНұрғайыпұлының арасындағы кездесу соңғысының жеңісімен аяқталса, 125 келідеОлег Болтин Юсуф Батырмұрзаевтан басым түсті.

Осылайша, әлем чемпионатына қатысатын балуандартолығымен белгілі болды.

Еркін күрестен лицензиялық әлем чемпионатына қатысатынҚазақстан құрамасының тізімі:

57 келі: Нұрислам Санаев

61 келі: Расул Қалиев

65 келі: Дәулет Ниязбеков

70 келі: Нұрғожа Қайпанов

74 келі: Данияр Қайсанов

79 келі: Ғалымжан Өсербаев

86 келі: Әділет Дәулембаев

92 келі: Нұрғали Нұрғайыпұлы

97 келі: Әлішер Ерғали

125 келі: Олег Болтин

Айта кетейік, күрес күрес түрлерінен (грек-рим, еркінжәне әйелдер күресі) әлем чемпионаты алдағы 14-22 қыркүйек аралығындаелордадағы «Барыс Арена» мұз сарайында өтеді. Бұл турнир Жапония астанасындаөтетін Токио-2020 Олимпиадасына алғашқы іріктеу сайысы болмақ.

Әлем чемпионатында Олимпиадалық ойындарға жолдама алуүшін елімізге 100 ге тарта елден мыңға жуық балуаны келеді деп жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар