Еркін сауда аймағы туралы Украина мен Еуроодақ арасындағы келіссөздер шешуші сатыға көтерілді

КИЕВ-МИНСК. 18 шілде. ҚазАқпарат /Айтуар Мамлин/ - Украина мен Еуропалық комиссия ағымдағы жылдың 29 қыркүйегіне жоспарланып отырған Шығыс әріптестік саммитіне дейін Украина мен Еуроодақ арасында еркін сауда аймағының тереңдеген және жан-жақты қамтылған барлық ұстанымды ережелерін келісуге мүдделі.

Украина сыртқы істер министрі Константин Грищенко мен Еуроодақтың сауда мәселелері жөніндегі комиссары Карел де Гухт 18 шілде күні Брюссельде өткен келіссөздер барысында осындай пікірге келді, деп хабарлайды Украина сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

«Еркін сауда аймағы туралы келісім барынша тез дайын болуы керек. Еуропалық тарап бұны жақсы түсініп отыр», - деп атап өтті К. де Гухт әңгіме барысында.