Еркін және грек-рим күресінен ұлттық құрамаға жаңа бапкерлер келді

None
АСТАНА. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат - Олимпиада ойындарында сәтсіздікке ұшыраған Қазақстанның еркін және грек-рим күресінен ұлттық құрамасына жаңа бапкерлер тағайындалды.

Бұл туралы ұлттық құрама балуандарының бірі айтты, деп хабарлайды «Аламан» ақпарат агенттігі.

Қазақстанның еркін күрестен құрамасын алдағы жарыстарға Руслан Өмірәлиев жаттықтыратын болады. Ал бұрынғы бапкер Алтай Таңабаев отставкаға кетті.

Грек-рим күресі құрамасын баптаған Манарбек Қасымханов та қызметінен кеткен. Оның орнына Таңат Сағындықов келді. Сағындықов грек-рим құрамасында бұдан бұрын да бас бапкер қызметінде болған.