Еркіндікке шығарылған жолбарыс Хабаровск өлкесінің солтүстігіне бағыт алды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Упорный деп аталып кеткен жолбарыс шамамен бес ай бұрын босатылған. Ол тап қазіргі уақытта Хабаровск өлкесінің солтүстігіне қарай кетіп барады, деп хабарлады БАҚ «Амур жолбарысы» орталығы филиалының директоры Сергей Арамилевке сілтеме жасап.

Өз хабарламасында Арамилев: «Жиырма бірінші қазандағы мәліметтерге қарағанда, жолбарыс Комсомольск ауданы аумағында жүр. Ол Хабаровск өлкесінің солтүстігіне бет алды. Жыртқыш бостандыққа шығырылғаннан бері жеті жүз шақырымды жүріп өтті»,- деп жазды.

Атап өтейік, сарапшылар жолбарысты GPS-модулі орнатылған оның қарғы бауы арқылы бақылап отыр.