АСТАНА. KAZINFORM - Айчи-Нагоя Азия Пара ойындарында пара оқ атудан пневматикалық винтовкадан 10 метр қашықтыққа нысана көздеуден R1 дисциплинасында Еркін Ғаббасов 249.1 ұпай жинап, чемпион атанды. Оған қоса, ол жарыстың рекордын орнатып, Лос-Анджелес-2028 Паралимпиада ойындарына жолдама алды.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің хабарлауынша, екінші орынды Корея елінің спортшысы Парк Джинхо(248 ұпай), үшінші орынды Ли Джанхо(226 ұпай) алды.
Айта кетейік, бұған дейін Еркін Габбасов Парарлимпиада ойындарында пара оқ атудан күміс медальді жеңіп алды.
Осыған дейін Қазақстан семсерлесушілерінің әлем кубогының алтын медалін жеңіп алғаны туралы жаздық.
Айдар Оспаналиев
2000 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. Журналистика саласында 2000-шы жылдан бері қызмет етіп келеді.