Еркін Қадырбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM — Президент Жарлығымен Еркін Қадырбекұлы Ахинжанов Қазақстан Республикасының Біріккен Танзания Республикасындағы, Мозамбик Республикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: ҚР Елшілігі

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі Еркін Қадырбекұлы Ахинжанов Қазақстан Республикасының Біріккен Танзания Республикасындағы, Мозамбик Республикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды», - делінген құжатта.

Бұған дейін Данияр Сарекенов Словения Республикасындағы Төтенше және өкілетті Елші болып тағайындалған болатын.