Еркін күрес, грек-рим және әйелдер күресінен Азия чемпионатына кімдер барады

Фото: Фото: United World Wrestling

АСТАНА. KAZINFORM - Бішкек қаласында 11-16 сәуір аралығында өтетін күрес түрлерінен ересектер арасындағы Азия чемпионатына қатысатын қазақстандық балуандар белгілі болды. 

Құрлықтық додада еркін күрес, грек-рим және әйелдер күресінен барлығы 30 медаль медаль жиынтығы сарапқа салынады. 

Азия чемпионаты 1979 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Қазірге дейін қазақстандық балуандар 327 медаль еншілеген. Оның - 88-і алтын, 89-ы күміс, 150-і қола. Медаль саны жөнінен жалпыкомандалық есепте үшінші орында келеді.

Былтыр құрлықтық дода Астана қаласында өтті. Онда ел құрамасы 7 алтын, 4 күміс, 9 қола медаль алып, барлығы 20 жүлдені еншіледі. 

Биыл Азия чемпионатында бақ сынайтын қазақстандық балуандардың тізімі:

Грек-рим күресінен

55 келіде - Кабдырахимов Нұрзат

60 келіде - Қабдунасаров Ғалым

63 келіде - Жарлыкасов Ержет

67 келіде - Аманбек Алматбек

72 келіде - Хапко Николай

77 келіде - Магомадов Ибрагим

82 келіде - Поливадов Евгений

87 келіде - Тұрсынов Нұрсұлтан

97 келіде - Мациев Иусуф

130 келіде - Шадукаев Мансур

Еркін күрестен

57 келіде - Қартбай Мейрамбек

61 келіде - Айтақын Асыл

65 келіде - Мұхтар Санжар

70 келіде - Аширов Меиржан

74 келіде - Талғат Сырбаз

79 келіде - Өміржанов Азамат

86 келіде - Дәулетбеков Азамат

92 келіде - Давлумбаев Адлет

97 келіде - Айтмұхан Ризабек

125 келіде - Совет Абылай

Әйелдер күресінен

50 келіде - Жәнібекова Ирина

53 келіде - Маркашева Аяжан

55 келіде - Яхьярова Зульфия

57 келіде - Алмағанбетова Лаура

59 келіде - Каюмова Диана

62 келіде - Дүбек Тыныс

65 келіде - Казюлина Ирина

68 келіде - Бақбергенова Мәдина

72 келіде - Панасович Анастасия

76 келіде - Сыздықова Элмира

Азия чемпионатынан кейін 19-21 сәуірде Бішкек қаласында құрлықтық іріктеу турнирі болады. Оған еліміздің атынан 5 балуан қатыса алады.

«Айта кетсек, Олимпада бағдарламасына 6 салмақ енгізілген. Ал, Азия аймақтық іріктеу турниріне еліміздің атынан әйелдер күресінде 6, еркін және грек-рим күрестерінен 5 балуан барады. Оған баратын балуандар Қазақстан біріншілігі мен одан кейінгі жарыстарда іріктеледі», - деді Kazinform тілшісінің сұрағына берген жауабында Қазақстан күрес түрлері федерациясының баспасөз хатшысы Аспандияр Есенжолов.

Әзірге күрес түрлерінен ел құрамасының еншісінде 2024 жылғы Париж Олимпиадасына 2 жолдама бар. Оның біріне еркін күрестен Азамат Дәулетбеков ((86 келі) қол жеткізсе, тағы біреуі грек-рим күресінен Нұрсұлтан Тұрсыновтың (87 келі) еншісіне бұйырды.