Еркін күрес: Мейрамбек Қартбай қола жүлдеге таласа алмайды

ПАРИЖ. KAZINFORM – Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында еркін күрестен сынға түскен Мейрамбек Қартбай қола медальға таласу мүмкіндігінен айырылды.

Фото: Тұрар Қазанғапов

57 келіге дейінгі салмақта Мейрамбек Қартбайды бірінші белдесуінде жеңген қырғыз балуаны Бекзат Алмаз уулу өкінішке қарай, ширек финалда америкалық спортшы Ричард Спенсер Лиден жеңіліп қалды. Осылайша, отандасымыз Мейрамбек Қартбай жұбаныш белдесуінде сынға түсу мүмкіндігінен айырылды.

Айта кетейік, бүгін қазақстандық спортшылар көркем гимнастика, байдарка мен каноэде есу, қазіргі бессайыс, еркін күрес және құзға өрмелеу сайыстарынан ел намысын қорғап жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, көркем гимнастикадан қазақстандық Эльжана Таниева екі жаттығудың іріктеу сайыстарының қорытындысы бойынша 62.850 ұпаймен 7-орында тұр.