ҰОК-ның мәліметінше, 65 келі салмақта Бақдәулет Әкімжан жартылай финалға өтті. Ол финал жолдамасы үшін таласта қырғызстандық Рустамжан Қахаровпен кездеседі.
110 келі салмақта Едіге Қасымбек те жартылай финалға жолдама алды. Оның қарсыласы – ирандық Аболфазл Мохаммад Нежат.
Айта кетелік, әзірге Қазақстан қоржынында 4 жүлде бар.
Еске салсақ, бұған дейін Иордания астанасы Амман қаласында 17 жасқа дейінгілер арасында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы қос қола медальға қол жеткізгенін жазған едік.