Еркін күрестен жастар арасындағы әлем чемпионатына кімдер қатысады

Фото: ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM – Еркін күрестен Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы U20 жас санатындағы әлем чемпионатына қатысатын балуандардың тізімін жариялады. Бұл жарыс Болгарияның Самоков қаласында өтеді.

Әлемдік біріншілікте ел намысын 10 спортшы қорғайды:

57 келіге дейін: Нұрданат Айтанов

61 келіге дейін: Аллан Оралбек

65 келіге дейін: Ералы Жеңісов

70 келіге дейін: Сұңқар Сейдахмет

74 келіге дейін: Досжан Құл-Ғайып

79 келіге дейін: Ерхан Әбіл

86 келіге дейін: Қасымжомарт Әлин

92 келіге дейін: Камиль Куруглиев

97 келіге дейін: Самир Дурсунов

125 келіге дейін: Едіге Қасымбек

Айта кетейік, күрес түрлерінен әлем чемпионаты 17-24 тамыз аралығында өтеді. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Болгарияның Самоков қаласында грек-рим күресінен 17-24 тамыз аралығында өтетін 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатына баратын Қазақстан құрамасы белгілі болғанын жазған едік.