АСТАНА. KAZINFORM — Иордания астанасы Амман қаласында өткен Азия чемпионатында еркін күрестен ел құрамасы медальдар кестесінде үздік үштікке тұрақтады.
Құрлықтық додада қазақстандық балуандар бір алтын, екі күміс, екі қола алды. Сол арқылы медальдар кестесінде үшінші орынға табан тіреді.
Азия чемпионатында Нұрқожа Қайпанов (74 келі) Азия чемпионы атанса, Болат Сақаев (86 келі) пен Ризабек Айтмұхан (97 келі) күміс жүлдегер болды.
Ал Рахат Қалжан (57 келі) мен Азамат Дәулетбеков (92 келі) қола медаль еншіледі.
Төрт алтын, бір күміс, төрт қола алған Иран құрамасы көш басында тұр. Екінші орынға үш алтын, үш қоламен Жапония жайғасты.
Сондай-ақ одан кейінгі орындарды Қырғызстан (бір алтын, бір күміс), Солтүстік Корея (бір алтын, бір қола) және Моңғолия (екі күміс, үш қола) өзара бөлісті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.