АСТАНА. KAZINFORM – 23-25 ақпан аралығында Иранда еркін күрестен өтетін клубтық әлем кубогына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды.
ҚР күрес түрлері федерациясы мәлім еткендей, аталған турнирде ел намысын 10 балуан қорғайды.
Клубтық әлем кубогы Біріккен күрес әлемінің (WWU) ережесі бойынша өткізіледі.
Еркін күрестен клубтық әлем кубогы қатысатын Қазақстан құрамасы:
57 келі — Дәулет Теміржанов;
61 келі — Қуат Әміртаев;
65 келі — Нұрахмет Дидар;
70 келі — Дүйсенқұл Құаныш;
74 келі — Джакупов Мұрат/Досжанов Санжар;
79 келі — Ергеш Дәулет;
86 келі — Жігер Закиров;
92 келі — Абдиманап Кенжеев;
97 келі — Серік Бақытханов;
125 келі — Нұрсултан Азов.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.