ПАРИЖ. KAZINFORM — Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында ерікті болып жүрген қазақ азаматтары да жоқ емес.
Бүгін сол азаматтардың бірімен танысып, аз-кем әңгімеге тартып көрдік. Өзін Ерік Төлепбергенұлы деп таныстырған азамат өткен жылы май айында ерікті болып қызмет атқаруға құжат тапсырғанын, кейін оң жауап алып, бүгінгі таңда Париж Олимпиадашыларына ерікті болып қызмет атқарып жүргенін айтып берді.
Францияға көшіп келгеніне биыл тура жеті жыл болған. Отбасымен бірге қазіргі таңда Парижде тұрып жатқанын атап өтті.
Сонымен қатар, өзі бокстың фанаты екенін, қазақ боксшыларына жанкүйер болып жүргенін де жасырмады.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.