Бағдарлама 2017 жылдан бері жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде оған 73,9 мың адам қатысып, 31 мыңы тұрақты жұмыспен қамтылған. Биылдан бастап қоныс аударушыларға тұрғын үй сатып алуға 7 млн теңгеге дейін қаржы беру тетігі енгізілді.
– Бағдарлама аясында қоныс аударушыларға көшу шығындарына субсидия беріледі, тұрғын үйді жалдау мен коммуналдық қызмет ақысы өтеледі. Сондай-ақ жұмысқа орналасуға қолдау көрсетіліп, жаңа өңірге көшпей тұрып-ақ бос жұмыс орындарын таңдау мүмкіндігі қарастырылған, – деді Дина Темірболат.
Сонымен қатар биыл бағдарламаға қатысушылар санаты кеңейтілді. Енді оған жұмыссыз азаматтармен қатар еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар, сондай-ақ шаруа және фермер қожалықтарының өкілдері де қатыса алады.
– Қоныс аударатын өңірлерге Үкімет айқындаған сегіз облыс кіреді. Олар – Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Абай, Ұлытау, Қарағанды және Ақмола облыстары. Бағдарламаға қатысу үшін басты талап – еңбекке қабілетті болу. Қазір білім, денсаулық сақтау, инженерия, зертхана ісі, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп саласының мамандарына сұраныс жоғары, – деді Дина Темірболат.
Бағдарлама толық цифрландырылған. Өтініш беру, сұранысқа ие мамандықтар мен бос жұмыс орындары туралы ақпараттың барлығы migration.enbek.kz порталында қолжетімді.
Министрлік мәліметінше, жыл басынан бері бағдарламаға қатысқан 6763 адамның тек 61-і ғана солтүстік өңірлерде тұрақты қалудан бас тартқан.
Айта кетейік, Алматыда жұмыстан айырылуына байланысты төлем алатындар саны 60%-ға көбейген.